Жетісайда жұмыссыз жігіттер екі мешіттен ақша ұрлаған. Әуелі аудандық полиция бөліміне мешіт қызметкері садақа жәшігіндегі ақшаның қолды болғаны туралы шағым түсірген. Ақпарат алысымен іске кіріскен полицейлер күдікке ілінген 18 жастағы 2 жұмыссыз жігітті ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жігіттер өзара сөз байласып, түнгі уақытта екі бірдей құлшылық үйіне ұрлыққа түскен. Қазіргі оларға қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.