Түркістан облысының Жетісай ауданында көпбалалы аналар әулеті саяси науқанда белсенділік танытты. Жылы су ауылдық округінде тұратын әулеттің ақ жаулықты анасы Зәуре Сейдімбекқызы келін-қыздарымен келіп, өз таңдауларын жасады. Кейуана Сүттібаевтар әулетінің қазынасы, 75 немере мен 30-ға тарта шөберенің, 8 шөпшектің әжесі. Қазір зейнеткер әжейдің қыздары да, келіндері де көпбалалы ана. 13 перзентті өмірге әкелген батыр ана ел тыныштығын үшін ақ батасын берді.