Жетісай ауданында егін мен бау-бақшадан бөлек мал шаруашылығы да заман талабына сай дамуда. Мақта егіп, жерге түрен салған ауданның шаруалдары енді мал бордақылау ісіне де ден қойып отыр. Мал тұқымын асылдандыру арқылы етке деген сұранысты қамтамасыз етуге болады. Сондықтан шаруа қожалықтарының басым бөлігі осы бағытты қолға алған.