Биыл Түркістан облысында мопедтердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Одан бөлек 300-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде кәмелет жасқа толмағандардың ата-аналарына 12 хаттама түзілген. Сондықтан полиция қызметкерлері мопед жүргізушілерінің жол ережелерін сақтауын қатаң бақылауға алды.