Жыл басынан бері қала мен аудандарда 676 жол мен көше жөндеуден өткен. Жалпы, 1586,4 шақырым жолды жөндеуге қаражат қарастырылған. Бүгінде Түркістан-Шәуілдір бағытындағы ұзындығы 64,1 шақырым жолдың 52,7 шақырымында қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысқан кездесуде айтылды. Одан бөлек, өңірдегі жолдардың құрылыс сапасы мен қысқа дайындығы толық бақылауға алынды. Облыс басшысы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін техника мен көктайғаққа қарсы материалдың көлемі жеткілікті болуын қатаң тапсырды.