Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Олар волентерлармен бірге Астана қаласын аралады.Саяси ұйым мүшелері волонтерлермен бірге елорда көшелерін аралап, көпқабатты үйлердегі хаттама жәшігіне плакаттарын орналастырды. Тұрғындар көп шоғырланған жерлерге парақшаларын таратып, жолаушыларға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Саяси ұйым төрағасы Асхат Рахымжановтың айтуынша, штаб өкілдері өзекті әрі негізгі деген ұсыныс пен сұрақтар назарға алынып, алдағы уақытта ескерілетінін жеткізді. Жалпы аталмыш партияның атынан Мәжіліс депутаттығына 19 кандидат ұсынылып отыр. Республикалық штаб басшысының айтуынша, үгіт жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр.