10 қорап жүгері ұрлаймын деп абыройдан айрылды. Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Белгісіз біреудің тұрғын үй алдындағы көлік ішінен үгітілген жүгеріні ұрлағанын көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құрайды. Жедел іздестіру іс-шара барысында 24 жастағы 2 ер жігіт ұсталды. Олар таңғы сағат 05:30 шамасында аулаға кіріп, жүгері ұрлаған. Сондай ақ, қос жігіт дәл осы күні тағы басқа қылмыс жасағаны анықталды. Тәртіп сақшылары күдіктілерден қолды болған заттарды тәркіледі. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.