Жұмадағы жақсылық. Түркістанда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратылды. Игі бастамаға мұрындық болған қор өкілінің айтуынша, бұл - дәстүрге айналған бастама. Ай сайын қаладан өзге, облыс аумағындағы мұқтаж отбасыларға көмек беріледі. Ал бұл жолы қайырымдылық ісі ерекше болды. Азық-түліктен бөлек, кішкентай балаларға да сыйлық үлестірді. Әртүрлі діни сұрақтар қойылып, балалардың білімін арттырды. Сауалға мүдірмей жауап берген балақайларға діни кітап пен тәттілер таратылды.