Түркістан облысында АӘК алушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға төмендеген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді. Басқарма басшысы күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтын үлесі 2020 жылдан бастап 2,5% азайғанын да атап өтті. Айтуынша, бұған атаулы әлеуметтік көмек алушыларды белсенді түрде жұмыспен қамту шаралары әсер еткен.