Жыл басынан бері Түркістан облысында 32 адам суға кеткен. Оның 19-ы кәмелетке толмаған балалар. Оқыс оқиғалардың көбі ағысы қатты өзен арналары мен каналдарда тіркелген. Сондай-ақ, үй іргелік ауладағы септик шұңқырына абайсызда түсіп кету жағдайы да жиілеген. Сондықтан төтеншеліктер балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмай, ал ересектердің өзіне белгіленбеген жерлерде суға түспеу керектігін қатаң ескертеді. Одан бөлек, жазда шомылатын орындары жоқ елдімекендерде модульді-каркасты бассейіндер жергілікті әкімдік тарапынан және кәсіпкерлер есебінен сатып алынып, орнатылуда. Онда халықтың тегін әрі қауіпсіз шомылуына мүмкіндіктер жасалып жатыр дейді мамандар. Санмен айтатын болсақ, жыл басынан бері 80 дана қаркасты бассейн сатып алынып, орнатылса, қазіргі таңда олардың жалпы саны 151-ге жетіп отыр.