Түркістан облысында жыл басынан бері түнгі уақытта жүрген 4500 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала анықталды. Оның 4 358-і тұрғын үйден тыс жерде жүрсе, 200-ге жуық жасөспірім ойын-сауық орындарында болған. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бегімхан Ахметов мәлімдеп, бала қауіпсіздігі басты назарда екенін айтты.