Абай болыңыздар! Енді есік алдындағы велосипедтер қолды бола бастады. Жыл басынан бері еліміз бойынша 880 велосипед ұрланыпты. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша өткен жылы республика көлемінде осындай 2528 жағдай тіркелген екен. Сұғанақтар әдетте ұрлыққа көктем-жаз мезгілінде кірісетін көрінеді. Өйткені дәл осы мезгілде тұрғындардың көбі велосипед айдайды. Алайда, қос дөңгелекті көлікке немқұрайлы қарап, есік алдына қойып кетіп жатады. Мүмкіндікті қалт жібермейтін пысықайлар мұны кәсіпке де айналдырып алған. Мәселен, былтыр Астанада 25 велосипед ұрлаған кәнігі ұры құрықталыпты. Ішкі істер министрлігінің өкілдері тұрғындарға көп қабатты үйлердің кіреберісі қауіпсіз жер емес екенін ескертеді.