I Халықаралық медиа және туризм форумы аясында қатысушылар еліміздің тұмса табиғатымен танысты. Алғашында олар ертегілер қаласы саналған Шарын шатқалында болса, одан соң ну орманы мен биік таулары, тұнық көлімен көздің жанарын жаулар Көлсай көлдері аймағына саяхат жасады. Көркіне көз тоймайтын мекендерден шетелдік мамандардың алған әсері қандай? Ол аймақтардағы экотуризмнің әлеуеті жайлы тілші тарқатсын.