Өткен жылы елімізде есірткіге қатысты 7 мыңға жуық қылмыс әшкереленді. Оның 2635-і қылмыс ретінде тіркелген. Осылайша заңсыз айналымнан алынған есірткінің көлемі 36 тоннадан асты. Ал, құзырлы орган өкілдері 41 психотропты зат әзірлейтін зертхананы анықтаған. Сондай-ақ 12 ұйымдасқан топ құрықталды. Мамандардың сөзінше, есірткі саудасы көбіне ғаламторда жүреді. Құзырлы орган өкілдері есірткі және психотроптық заттардың таралуы туралы ақпаратты қамтитын контенті бар 6 мыңнан астам сайт пен басқа да ресурстарды бұғаттаған.