Жыл сайын полицияға 100 мыңнан астам отбасылық жанжал бойынша шақырту түседі. Деседе зәбір көргендердің 60 пайызына жуығы арыз түсіруден бас тартады. Себебі, зардап шегушілер көбінесе «агрессорлар» мен жақын туыстарының қысымына тәуелді. ІІМ берген мәліметіне сәйкес, қылмысқа баратындардың 80% жұмыссыз, жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 47-сі еш жерде жұмыс істемейді немесе еш жерде оқымайды. Адамның жеке басына қатысты қылмыстардың 50% мас күйінде жасайды. Сондықтан Ішкі істер министрлігі Әкімшілік отбасылық зорлық-зомбылықпен күресу мақсатында құқықбұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізбекші.