Сарыағашта жанға жайлы, үйдегідей атмосфера сыйлайтын шипажай бар. Әділет ем алу орталығында қан тамыр, ас қазан ішек, тыныс алу жүйесін жақсартуға болады. Мұнда жылына орта есеппен 3 000-ға жуық тұрғын жанына шипа табуда. Білікті мамандар мен заманауи технология дертке дауа сыйлайды. Ол аз десеңіз, Сарыағаштың минералды суы да адам тәнін сауықтырады. Ем орталығы жайында толығырақ тілші тарқатсын.