Түркістан қалалық мәслихат депутаттары есеп берді. Данияр Аюпов пен Жәмила Сүлейменова депутаттық қызметке келгелі қандай мәселе көтергенін айтты. Әрі қызмет барысында шешкен тұрғындар проблемаларының есебін баяндады. Атап айтқанда мектеп аумағындағы келеңсіздіктер, балалар ойын алаңшалары, көгалдандыру мәселесі, жол, кәріз жүйесі секілді шаһар жұртының өтініші негізінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, 8 қабылдау өткізген.