Былтыр шымкенттік әкімшілік көше жануарларының стерилизациясы мен ұрықсыздандыруға бюджеттен 139 млн теңге бөлген. Осылайша әкімдік іске кірісіп, алғашқы конкурсты 2023 жылдың наурыз айында бастаған. Ә дегеннен бұл тендерді бұрын жол жөндеу, сонымен қатар мемлекеттік органдарға принтер мен азық-түлік сатып алумен айналысқан «әмбебап» компания жеңіп алған. Дегенмен конкурсты жеңген уақытта мекеменің жануарларға ота жасайтын жері болмаған. Бір қызығы, жергілікті әкімдік бұған қарамастан конкурстан ұтқан мекемемен жұмыс істесе берген. Ал жыл соңына дейін олардың 11 итті ғана стерилизациялаған. Одан бөлек әлеуметтік желідегі белсенділер де қаңғыбас иттердің әлі де қаптап жүргенін жазады.