Қарағанды облысында 23 адам өрттен құтқарылды. Бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық техника жанып, соңы алапат өртке ұласқан. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт сөндірілді. Төтенше жағдай министрлігі 23 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.