Қарағанды облысында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол көрінбей 7 көлік бір-бірімен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ. Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті хабарлады. Тәртіп сақшылары қазіргідей қолайсыз ауа-райында алыс жолға шықпауды сұрайды.