Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында екі қызметкер қаза тапты. Шахтада көміртегі газы атылып, кеншілер уланып қалған. Оқиға орнындағы барлық қызметкерлер жедел эвакуацияланып, зардап шеккендер жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Ал, екі қызметкер тіл тартпай кеткен. Компания қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.