Қарағандыда қылмыстық топ ұсталды. Әзірге олардың 12 қылмысқа қатысы бары анықталып отыр. Жәбірленушілер "Қармет" Акционерлік Қоғамы қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері. Қазір қылмыстық топтың 25 мүшесі ұсталған. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан. Күдіктірлерден атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді.