Сауран ауданы, Қарашық ауылында жыл он екі ай гүл өсіріп, табыс тауып отырған кәсіпкер бар. Алғашында қарапайым бөлме гүлін сатудан бастаған Дильназ Омарова бүгінде кәсібін кеңейтіп, бірнеше жылыжай ашқан. Тіпті, бастапқыда Голландиядан арнайы алдыратын өсімдіктерді де қазір өзі өсіріп, нарыққа шығарып жүр. Жылыжайдағы қай гүлге сұраныс жоғары? Бағасы қандай? Толығырақ тілші баяндайды.