Түркістан облысындағы соңғы апта көрсеткіші бойынша бір ғана Төле би ауданында 1000-ға жуық адам қаржылық пирамиданың құрбаны болған. Олардың басым көпшілігі дәрігерлер мен мектеп мұғалімдері. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаевтың Түркістан қалалық ақсақалдар алқасымен кездесуінде айтылды. Мамандардың айтуынша, қаржы алаяқтарының жұмысын тоқтату мақсатында бірталай жұмыс атқарылып жатыр. Мәселен, әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулерлер жасаудың нәтижесінде 52 мың адам қаржылық пирамида белгілері бар парақшаларға жазылудан бас тартыпты. Сондай-ақ, Түркістан облысында 2-10 маусым күндері «Қаржылық сауатсыздықты жою туралы» акция жүргізілмекші.