Еліміз бойынша 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 47 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. "ҚазАвтоЖол" мәліметінше, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 477 техника жұмыс істеп жатыр. Ұйытқыған бораннан Қостанай облысының Тобыл қаласында көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып, Лисаковта қаланың бас шыршасы құлаған. Ауа райының қолайсыздығынан бір мезетте 10 көлік соқтығысып, 1 адам зардап шеккен. Түркістан облысының Сайрам ауданында да ауа-райы жол-көлік қозғалысына кедергі болып тұр.