Бүгін Түркістан қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Қарттарым асыл қазынам» атты іс-шара өткізді. Жалпы Түркістан қаласында 14 мыңға жуық қарт кісілер тұрады. Соның ішіндегі жалғызбасты 32 қарияға ас берілді. Мұндағы мақсат - сәл де болса олардың көңілін аулап, бақытқа кенелту болса керек. Қарияларға ілтипат көрсеткен шара мұнымен тоқталған жоқ. Әр түрлі өнерпаздар жиналып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.