Қазақ майды қайда сақтаған? Түркістан облысының әжелері ұмыт болған ұлттық тағамдарды жасап жүр. Әжелер Қазығұрт ауданында тұрады. Өздерінің ШАРБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ «АСЫЛ ӘЖЕЛЕР» ТОБЫ бар екен. Олар «Өнерлі өлке» фестивалінде малдың қарнын кептіріп, ішіне май сақтап әкеліпті. Мұндай әдісті байырғы қазақ мұздатқыш жоқ кезде қолданған. Кепкен қарынның ішіне тіпті етті де сақтап, үрімдей жейтін болыпты.