Қаржылық сауаттылықты арттырып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға болады. Осыған байланысты «Қарызсыз қоғам» жобасы қолға алынған болатын. Қазір Сауран ауданында қаржы мамандар халықты тегін оқытып жатыр. Қатысушылар қаражаттарын тиімді басқаруды, кіріс-шығысты оңтайландыруды үйренеді. Осылайша проблемалық берешегі бар жандардың қаржылық сауатын арттыру көзделуде.