Каспий теңізінің маңында жер сілкінді. Жерасты дүмпуі 23 сәуір күні сағат 00:09 да Атырау қаласына 144 шақырым жерде тіркелген. Оның магнитудасы 4,4 болса, энергетикалық күші 9,6 ны көрсетті. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ. Айта кетейік, бұл соңғы 5 күндегі Каспий маңындағы жалғыз жер сілкінісі емес. 19 сәуір күні Иранда да магнитудасы 4,3 болатын жерасты дүмпуі тіркелген болатын.