Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Мемлекет басшысы астықты аймақтағы бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралайды. Олардың қатарында шойын құю зауыты да бар. Кәсіпорын өңірдің индустриялық аумағында орналасқан. Президент сондай-ақ өңірдегі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен де танысады.