Алматыда толассыз жаңбыр жауып, жаяу жүргіншілер жолы мен көшелерді су басты. Онсызда жер сілкінісінен шошынып қалған қала тұрғындарын енді су тасқыны алаңдата бастады. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Олар судың арық бойымен кедергісіз ағып кетіп, жекелеген аумақтарда су басу қаупінің алдын алуы үшін мотопомпамен, тазалаушы заттармен және т.б. құралдармен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада түнгі уақытта кезекшілікке шыққан. «Құм салынған 2,3 мың қап дайындалды. Жалпы түнгі кезеңде 236 арнайы жабдық, 28 мотопомпа және 215 жұмысшы жұмылдырылды», - дейді олар.