Былтыр Түркістан облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша бір жарым мыңға жуық тексеру жүргізіліпті. Соның ішінде 1054 бұзушылық анықталған. Нәтижесінде 3 заңды тұлғаға - 396 750 теңге айыппұл салынған. Ал 2 кәсіпорынға берілген нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданған. Сондай-ақ, сала инспекторлары адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін 7 қауіпті техникалық құрылғыны қолдануды тоқтатып, сотқа талап арыз жолдаған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.