«Қайырымдылық керуені» VI республикалық байқауы басталды. Биыл алтыншы рет өткізіліп отырған шарада ел дамуына үлес қосып, қоғамдық мәселелерді шешуге атсалысқан батыл әрі қамқор жандар анықталмақ. Лауреаттар 5 номинация бойынша белгіленеді. Алғашқы «Асар» номинациясы салт-дәстүрді сақтауға бағытталған қайырымдылық іс жасаған жанға, «Туған жер» номинациясы білім беру, экология және абаттандыру, немесе мәдени нысандарды қалпына келтіру сынды игі іске мұрындық болған лауреатқа табысталады. Ал, халыққа шұғыл қызмет көрсететін ішкі істер, медицина саласында еңбек ететін ең үздік қызметкерлер мен төтеншеліктерге «Батыл жүрек», белгілі бір уақыт аралығында өзгелерге тұрақты түрде ақысыз көмек көрсеткен жандар «Мейірім жолында» номинациясын иеленеді.