Түркістанда «Қазақ романсиадасы» атты романс орындаушылар байқауы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін өнер додасы биыл 25-рет ұйымдастырылды. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан елінен 64 үміткер бақ сынады. Олар байқау ережесіне сәйкес екі кезең бойынша сайысқа түсіп, қазақ және орыс тілінде романс орындады. Нәтижесінде Ташкенттен келген Отабек Назиров бас жүлдені иеленді. «Қазақ романсы» бағытында 1-орынды Жұлдыз Байжұма мен елордалық Бибарыс Әліш алды. Ал, Диляра Дүйсекеева мен Саят Абдулла орыс романсын үздік орындады.