"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі. Көмек тұрғын үйі жарамсыз боп қалған халыққа көрсетіліп, құрылыс жұмыстары жүреді. Сондай-ақ, бұған дейінгі қайырымдылық көмек тәжірибесіне сүйенген жауаптылар, бөлінген қаржыға су тасқынынан зардап шеккен ауылдардан 200 үй салуға болады деп топшылап отыр.