Қазақстан мен Өзбекстан арасында Дарбаза-Мақтаарал теміржол станциясы салына бастады. 152 шақырым жерді алып жатқан құрылысты еліміздің Премьер-министрі телекөпір режимінде ресми түрде бастап берді. Бұл мегажоба мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатыр. Жаңа станция қос ел арасындағы жүк тасымалының көлемін арттыра түсуге мүмкіндік бермек.