Мемлекет басшысы Жолдауда агроөнеркәсіп кешеніне нақты серпіліс қажеттігін баса айтты. Осылайша жауаптыларға алдағы үш жылда агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуді тапсырды. Кәсіпкерлерді өнім өндіруге ынталандыру үшін салық саясатын қайта қарау қажет деді. Президент әсіресе ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжайларды дамыту сияқты келешегі зор бағыттарға басымдық беру қажеттігін жеткізді.