Отандық ғалымдар тазының генетикалық құрылымын зерттеп, ерекше тұқым екенін дәлеледеді. Бұл туралы бүгін ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Зерттеу жұмыстары 2021 жылы басталған. Генетика және физиология институт қызметкерлерінің айтуынша, қазір тазы тұқымының аңшылық және жұмыс істеу қабілетіне жауап беретін хромосомаларындағы бес бағыт ерекше қызығушылық тудырып отыр. Бұл нәтижелер болашақта тазы тұқымын одан әрі жақсарту мен оларды сақтап қалу үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Әрі тазы тұқымын тәуелсіз жеке тұқым ретінде халықаралық деңгейде мойындау туралы ұсынысқа қолдау бола алады.