Елордада "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды. Ол аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Асқар Мұратұлы 2021 жылдың сәуірінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалған. Еске сала кетсек, 6 наурызда «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының «Астана-Петропавл» автожолына жауапты филиалы 605 тасымалдаушыдан негізсіз ақша ұстап келгені хабарланған еді.