Жаңа жыл қарсаңында Қазығұрт ауданына қарасты Амангелді елді мекенінің тұрғындары қуанышқа бөленді. «Амангелді» жалпы орта мектебіне қосымша ғимараттың құрылысы аяқталып, білім ордасы салтанатты түрде халық игілігіне тапсырылды. Айта кетсек, аталған нысанның құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған болатын.