Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ және Шанақ ауылдық округтерінде «Ауыл аманаты» жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Сүтті және етті бағытты дамыту үшін қос округке барлығы 800 млн теңге бөлініп отыр. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов айтты. Өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2023 жылға арналған жоспарларымен бөліскен аудан әкімі аталған жоба ауданның дамуына тың серпіліс беретініне сенімді.