Келес ауданында бүгін 71 441 сайлаушы өз таңдауын жасауға мүмкіндігі бар. Ал аудан бойынша жалпы 61 сайлау учаскесі жұмыс жасап тұр. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев аудандық Мәдениет үйінде орналасқан №323 сайлау учаскесіне арнайы барып дауыс беріп, өз таңдауын жасаған. Оның айтуынша, әр участок арнайы құралдармен жабдықталған, әрбір аудан тұрғыны бүгінгі сайлаудың маңызын түсініп, жауапкершілік танытып, еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауын жасайды.