Аймақтағы түрлі ұлт өкілдері де Әз-наурызды тойлап, мерекенің көркін қыздыруда. Оған Келес ауданында тұратын этнос өкілдері де атсалысып жатыр. Өзге ұлт өкілдері ұлттық тағамдарын көпшілік назарына ұсынып, ерекше фестиваль ұйымдастырған. Одан бөлек, мерекелік шараға жиналған жұртшылық жас суретшілер мен шеберлердің қолөнер туындыларын тамашалады. Әрі қарай концерттік бағдарлама басталып қазақтың төл туындыларымен қатар, өзге ұлттардың да әндері шырқалды. Қытымыр қыстан көкке аман-есен шыққан жұртшылық бір-біріне ақ тілегін жаудырды.