Түркістан облысына осы жылғы 10 айда 868 мың турист келген. Бүгін халықаралық форумда туризмді дамытудың тиімді тетіктері де талқыланды. Дәл осы салаға қатысты пленарлық отырысқа бірнеше мемлекеттің өкілдері қатысты. Облыстағы туризмнің тізгінін ұстаған мамандар жоспарларымен бөлісті.