Келес ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында кіші футбол турнирі өтті. Спорттық сайысқа есту қабілеті төмен спортшылар қатысқан. Ауданаралық жарыста Келес, Шардара, Сарыағаш пен Жетісай командалары өнер көрсетті. Айта кетсек, қазіргі таңда Келес ауданында 3500 ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 70-тен астамы - есту қабілеті төмен жандар.