Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарымен барып, облыс және аудан активімен көшпелі мәжіліс өткізді. Аймақтағы қордаланған мәселелер, түрлі салалардағы кемшіліктер сараланып, ұсыныстар айтылды. Ауданда былтыр бірқатар негізгі көрсеткіштері орындалмаған. Облыс әкімі өз саласында салғырттық танытқандар ісін сынға алып, түзетуге 1 ай уақыт берді.