«Кентау келбеті» кітабы оқырманға жол тартты. Кентау қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығында «Кентау келбеті» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Кітап авторлары – Хан тағы баурайында туылған жастар. Жастар бейнесін салу арқылы қаланың келбетті жерлерін көрсету мақсатында шыққан туындының тұсауын қала әкімінің орынбасары мен әжелер алқасының төрайымы кесті. Шараға жиналған қауымға жобада үздік атанған роликтер көрсетіліп, ән-шашулар мен арнаулар айтылды.