Бүгін Кентауда төрт жақты меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде жұмыссыздар есебінде тұрған тұрғындар ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласында еңбек етуге мүмкіндік алады. Бүгінгі таңда мансап орталығында ресми 2432 жұмыссыз азамат тіркелсе, оның ішінде бағдарламаға қатысушы 966 адам. Осы орайда қала әкімдігі аталған бағыттағы жұмыстарды қадағалаумен айналысады. Яғни азаматтардың құқығы сақталып, тиісті төлемдердің уақытылы берілуіне бақылау жасамақ. Айта кетейік, қазіргі таңда Кентау қаласы тұрғындарының 5,1% жұмыссыз. Бұл көрсеткіш биыл ашылатын жаңа жұмыс орындарының есебінен төмендейді деп күтілуде.