Жомарттық пен ынтымақтастықты дәріптейтін «Сабан той» дәстүрі жайлы естіп пе едіңіз? Мереке диқандар арасында кең танымал. Алқабы бітік шыққан шаруалар мол дастарқан жайып, отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлайды. Көтеріңкі көңіл-күйде күн өткізеді. Бұл мереке Кентау қаласында да ұйымдастырылды. Ән мен думан, ойын мен сауыққа толы болған мейрам жайында тілші толығырақ тарқатсын.