Жетісу облысында киік мүйізін сатумен айналысқандар ұсталды. Ұқк жетісу облысы бойынша шекара қызметі департаменті полиция органдарымен бірлесе шекара аумағында жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз іске асырды деген күдікпен 3 азаматты анықтаған. Тінту барысында олардан 1382 дана киік мүйізі алынды. Орман шаруашылық және жануарлар әлемі облыстық инспекциясының мәліметі бойынша ұсталған адамдардан мемлекетке келтірілген залал 3,5 млрд теңгеден артық бағалануда. Бүгінде қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.